Профи-бокс
14 маусым 2017 18:10
 
Танымал қазақстандық промоутер Ковалев-Уорд кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Танымал қазақстандық промоутер Ковалев-Уорд кездесуіне болжам жасады ©Forbes

Танымал қазақстандық промоутер Болат Манкенов ресейлік Сергей Ковалев пен Андре Уорд арасында өтетін кездесуге болжамын жасады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Менің ойымша, Ковалев бұл жекпе-жекке жақсы дайындалды. Егер ол тактикасын жақсы құратын болса, оның жеңетін жақсы мүмкіндігі болады. Егер жетінші және сегізінші раунда ол жақсы қарсылық көрсететін болса, ол уақтынан бұрын жеңіске жетуі мүмкін. Оның мотивациясы өте мықты. Өйткені, ол есесін қайтарғысы келеді. Мен бұл жекпе-жекте 60 та 40 пайызбен басымдықты Ковалевке беремін. Дегенмен кездесу 12 раундқа да созылуы мүмкін", - дейді Манкенов. 

Айта кетейік, FightSpace бағдарламасының негізін қалаушы, ресейлік комментатор Григорий Стангрит те жекпе-жек 12 раунда жалғасатынын айтқан еді. 

Еске салайық, Ковалев пен Уорд арасындағы екінші кездесу 17 маусым күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы америкалық боксшыға тиесілі IBF/WBA/WBO белбеулері ортаға салынады.

Жарнама

Живи спортом!