Профи-бокс
21 шілде 2019 10:53

Супер ауыр салмақта жұдырықтасқан боксшылардың нокауты әсерлі болды

Дерек Чисора (сол жақта) және Артур Шпилька. © Reuters

Ұлыбританиялық боксшы Дерек Чисора (31-9, 22 КО) ауыр соққысымен поляк спортшысы Артура Шпильканы (22-4, 15 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жекпе-жек Лондон қаласындағы О2 аренасында өтті. Кездесу 10 раундтан тұрады деп есептелген, алайда екінші раундта жекпе-жек аяқталды. Канатқа жақын тұрған Шпилька бірнеше ауыр соққыларды жіберіп алып, бетімен алдыға құлады. Осы кезде рефери кездесуді тоқтатты. Поляк боксшысына көмек қажет болды, алайда ол шаршы алаңнан өз аяғымен кетті. 

35 жастағы Чисора спорттық мансабында 31 кездесуіде жеңіске жетті, оның 22-ін мерзімінен бұрын жеңген. 30 жастағы Шпилька болса, төртінші рет жеңіліп отыр, барлығы да мерзімінен бұрын. 

WOW #WatchOnDAZN pic.twitter.com/ISs4AehKIQ

— DAZN USA (@DAZN_USA) July 20, 2019

[removed][removed]