ESPN Deportes мәліметінше, Кристиан кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне дайындалу үшін жаттығу лагерінде жүрген. Ол бір соққы жіберіп, өзін жайсыз сезінген. Содан кейін ол есінен танып қалған: Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетіп, онда оған дереу ота жасалған.
Әкесі, Хосе Луис Кастильоның (66-13-1, 57 KO) айтуынша, ота сәтті өткен, алайда оның бауыры жұмыс істеуін тоқтатып, өкпесі қабына бастаған.
Соңғы уақытта екі боксшы шаршы алаңда соққы салдарынан көз жұмды, олар: ресейлік Максим Дадашев пен аргентиналық Уго Сантильян.