Профи-бокс
18 мамыр 2017 16:17
 
Сойлыбаев пен Шарипова Астанада WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Сойлыбаев пен Шарипова Астанада WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова 30 тамыз күні Астана қаласында WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин айтып берді. 

"30 тамыз күні Астана қаласында Бүкіләлемнің бокс кеңесінің (WBC) 55-ші конвенциясы кезінде бокс кеші өтеді. Бұл кеште біз кемінде екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыруды мақсат етіп отырмыз. WBC International тұжырымының иегері Бекман Сойлыбаев ұйымның толық чемпионы деген атақ үшін кездесу өткізеді. Және біз қазір ғана Фируза Шарипованың менеджері Сергей Завильскиймен келіссөздер өткізіп, отандасымыз WBC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізу туралы келісімге келдік. Мүмкін алдағы уақытта басқа да боксшылар басқа да белбеулер үшін таласуы да ықтимал. Бірақ дәл қазір нақты осы екі боксшыны айта аламыз", - дейді Бекхожин. 

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев венесуэлалық бокс Саумэль Гонсалестен айласын асырып, WBC International белбеуін жеңіп алды. Бұл отандасымыз үшін кәсіпқой бокстағы 11 жеңісі еді. 

Фируза Шарипова болса 27 мамыр күні Мәскеуде Ольга Забавинамен кездесу өткізсе, 6 шілде күні Магнитогорскіде WBC International белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. 

Жарнама

Живи спортом!