Профи-бокс
10 наурыз 2017 16:56
 
Сойлыбаев пен Мераз жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

  Пікірлер

blog.share

Сойлыбаев пен Мераз жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу кезінде қарсыласы Герман Мераздан ауыр болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгінгі салмақ өлшеу кезінде Сойлыбаев 132.8 фунт (60,2 келі) салмақты көрсетсе, Герман Мераздың салмағы 130.6 фунт (59.9 келі) болды.

Еске салайық, қазақстандық боксшы ертеңгі жекпе-жегінде Марио Антонио Масиаспен жұдырықтасу керек болатын. Алайда жақында Сойлыбаевтың қарсыласы ауысып, жерлесіміз өзге мексикалық боксшымен жұдырықтасатын болды. Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында өтеді.

Осыған дейін Бекман Сойлыбаев тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. ТөрОның ішінде төрт жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Қазір Сойлыбаев Лос-Анжелестегі Wild Card West лагерінде жаттығып жатыр.

Ал Герман Мераз 99 жекпе-жек өткізіп, 55-нде жеңіске жеткен.

Жарнама

Живи спортом!