Сондрестен ұтылатын болсам карьерамды аяқтаймын, бірақ мен бұған дайын емеспін - Мюррей
©:fightnews.ru
Британдық боксшы Мартин Мюррей орта салмақтағы WBO тұжыры бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен өтетін жекпе-жек қарсаңында өзінің күшіне сенімді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com" порталы.
"14-сәуір күні мен бабымда боламын. Головкинмен кездесуді қоспағанда барлық титулдық жекпе-жектерімді төрешілердің шешімімен ұтар едім. Бұл менің бесінші титулдық кездесуім. Осы жолы мен британдық боксшымен Англия жерінде жекпе-жек өткіземін. Арманымды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып отыр. 14-сәуір менің сәтті күнім болып, әлем чемпионы атанатыныма сенімдімін. Сондерс жас, тың, әрі карьерасының шыңында тұр. Дегенімен менің тәжірибем көп және жеңіске деген құштарлығым жоғары. Мен ұтылатын болсам карьерамды аяқтаймын, бірақ мен бұған дайын емеспін. Мен белбеуді ұтып алғым келеді, мен қайтпаймын. Ал қайтпайтын адам қауіпті",- деп жеткізеді Мюррейдің сөзін Sky Sports.
Еске сала кетейік, Лондонда О2 аренасында өтетін Сондерс пен Мюррей арасындағы жекпе-жек 14-сәуірде өтетін бокс кешінің басты кездесуі болғалы тұр. Бұл жекпе-жектен бөлек кеште жартылай орта салмақта өнер көрсететін британдық Терри Фланаган (33-0, 13 КО) мен америкалық Морис Хуккер (23-0, 16 КО) бос тұрған WBO белбеуіне таласады.
Сондерс үшін бұл кездесу WBO титулын қорғайтын төртінші жекпе-жек болмақ. Бұл белбеуді ол 2015 жылы желтоқсанында ирландиялық Энди Лиді (35-3, 24 КО) ұтып иеленген болатын. WBO титулы Головкиннің абсолютті әлем чемпионы болуына жетпей тұрған жалғыз белбеу. Соңғы екі жылда қазақстандық боксшы Сондерспен жекпе-жек өткізуге келісім-шарт жасасуға тырысқан. Бірақ екі жақ келісімге келе алмаған.

Жарнама