Профи-бокс
21 шілде 2017 17:57
 
Сондерстің промоутері Головкинмен алғашқы келіссөздер өткізді

  Пікірлер

blog.share

Сондерстің промоутері Головкинмен алғашқы келіссөздер өткізді

Британдық боксшы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен өзінің клиентіне Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) - Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) айқасының жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастыруға шындап кірісті.  

"Жоспар енді түсінікті болды: Егер Сондерс Монроны жеңсе, "Канело"-Головкин блокбастерінің жеңімпазымен кездесу үшін поул-позишн болады. Бұл жөніндегі алдын ала келіссөздер өтіп қойды. Билл айқастарын тоқтатпағанын қалаймыз, сондықтан аталмыш екі жігіттің бірімен айқастың датасы желтоқсанға белгіленетіні анық көрініс табуда. Сол себепті Билл Монромен жекпе-жегінде өз жұмысын жасауы тиіс.

"Канело"-Головкин айқасы классика болатынына күмәнім жоқ.  Және ол аяқтала салысымен реванш өткізу туралы үндеулер болады, Головкин жеңіске жеткен жағдайда реванш туралы тармақ көрсетілген. Алайда, бұл кезекті мексикалық мерекеге дейін бола қоймас, себебі ол келесі жылы бірақ өтеді", - деп жазды Уоррен Boxingscene.com сайтындағы өз бағанында.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі. Сол күні Сондерс Лондонда кіші Вилли Монромен (21-2, 6 КО) кездеседі. Еске салсақ, Головкинге өз дивизионындағы барлық белдіктің басын біріктіру үшін  Сондерстің WBO белдігі ғана жетіспей тұр.

Жарнама

Живи спортом!