Кәсіпқой бокс
12 желтоқсан 2017 10:18
 
Сондерстің бапкері Головкинді онжылдықтың үздік боксшысы деп атады

  Пікірлер

blog.share

Сондерстің бапкері Головкинді онжылдықтың үздік боксшысы деп атады Доминик Ингл және Билли Джо Сондерс. YouTube кадрі.

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерстің (25-0, 12 КО) бапкері Доминик Ингл осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы  Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) туралы және британдық боксшы мен қазақстандық боксшының өзара кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

"Мен үнемі Головкиннің мықты боксшы екенін айтып жүрмін. Ол онжылдықдық үздік боксшысы. Головкин орта салмақта барлық белбеуді біріктірді. Бірақ оған тек WBO белбеуі жетіспей тұр. Орта салмақта өнер көрсеткен кезде Бернард Хопкинс барлық белбеудің иегері болған еді. Егер Головкин рекордтар кітабіна кіргісі келсе, WBO белбеуі керек. 

Әрине, ол (Головкин) кездескісі келетін болса, бұл Билли Джо үшін қиын кездесу болатыны анық. Билли өте қу боксшы. Қазір оның тәртібі де жақсы. Ойлау қабілетін де өзгертіп, бабына келді. Залдан шықпай жаттығу жасайтын болды. Мұның барлығы да оған көмектесері анық", - дейді Ингл Box Nation порталына берген сұқбатында. 

Бұған дейін Сондерстің өзі де Головкинді мақтап, оны шынайы ұлы боксшы деп атады. Британдық боксшы сонымен қатар GGG бокс үшін үлкен дүние жасап жатқанын айтты. Сондай-ақ WBO чемпионы Головкинді жеңі үшін қандай тактика ұстану керек екенін де айтып берді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта орта салмақтағы барлық белбеуді жинап алу үшін Головкинге тек WBO белбеуі ғана жетіспей тұр. 

Еске салайық, Сондерс өзінің келесі кездесуін 16 желтоқсан күні Канада өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы IBF белбеуінің бұрынғы чемпионы Давид Лемье (38-3, 33 КО) болады. Өз кезегінде канадалық боксшы 2015 жылы Головкиннен жеңіліп қалғанын айта кетейік. 

Жарнама

Живи спортом!