Сондерсті тосын сый күтіп тұр. Мен оның белбеуін тартып аламын - Давид Лемье
©:Eye of the Tiger Management
IBF белбеуінің бұрынғы иегері канадалық боксшы Давид Лемье (38-3, 33 KO) орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерсті (25-0, 12 КО) шаршы алаңда тосын сый күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлайды.
"Егер мен бұл кездесуде Сондерсті қуып жүріп ұруым керек болса, мен дайынмын. Мен сонымен қатар ашық айқасқа да сақадай-саймын. Сондерсті жағымсыз тосын сый күтіп тұр. Мен бұл жекпе-жекке жақсы бабымда келіп, оның белбеуін тартып аламын. Кездесудің қорытындысы бойынша, мен жеңімпаз боламын. Уәде беремін. Нағыз айқасты ұйымдастырайық", - деді Лемье алдағы кездесуге байланысты өткен баспасөз жиынында.
Ал баспасөз жиыны кезінде Сондрестің өзі Лемьенің Головкиннен жеңілгенін тілге тиек етіп, сабаймын деп уәде берді.
Еске салайық, жекпе-жек16 желтоқсан күні Канаданың Лаваль қаласындағы Place Bell спорт кешенінде өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. WBO ережесі бойынша жекпе-жектің сыйақысы 70/30 пайыз көрсеткіші бойынша чемпионның пайдасына бөлінеді.
Сондерс өзінің соңғы кездесуін қыркүйек айында Лондонда кіші Вилли Монроға қарсы өткізіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал Лемье болса соңғы кездесуін "Канело" - Чавес арасындағы бокс кешінде өткізіп, Маркос Рейестен айласын асырды.

Жарнама