Профи-бокс
20 ақпан 2018 12:27
 
Сондерс Юбенкті жеңген Головкиннің спарринг қарсыласымен кездесуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Сондерс Юбенкті жеңген Головкиннің спарринг қарсыласымен кездесуі ықтимал Крис Юбенк және Джордж Гроувз. Сурет: RingNews24

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен британдық боксшы мен екінші орта салмақтағы WBA және IBO белбеуінің иегері Джордж Гроувзбен (28-3, 20 КО) жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. 

Оның айтуынша, жекпе-жек екінші орта салмақта өтуі мүмкін. Уоррен сондай-ақ 14-сәуір күні Лондонда Мартин Мюррейге (36-4-1, 17 КО) қарсы жекпе-жекте белбеуін қорғайтын Сондерс те бұл кездесуді ұйымдастыруға қарсы емес екенін айтты. 

"Біз бұл кездесуді ұйымдастыра аламыз. Жекпе-жекті ұйымдастыруға ешқандай қиындық болмайды. Сондерс бұл кездесуді өткізгісі келеді. Мен де қарсы емеспін. Сондықтан алда бізді керемет кездесу күтіп тұр. Джордж, егер сен Биллимен кездескің келсе, біз ұйымдастыра аламыз. Бізде саған ұсынатын ақша бар, сен оны ала аласың", - деп келтіреді Уорреннің сөзін BoxingScene порталы. 

Еске салайық, 17-ақпан күні Манчестер (Англия) қаласында Гроувз кіші Крис Юбенкті (26-2, 20 КО) ұпаймен жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулерін иеленіп, Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалына шықты. 

Гроувздың Бұл сериядағы финалдық кездесудегі қарсыласы 24-ақпан күні Нюрнбергте британдық Каллум Смит (23-0, 17 КО) пен неміс Юрген Бремер (49-3, 35 КО) арасындағы жекпе-жекте анықталады. Финал 2-маусым күні Лондонда өтеді. 

Дегенмен де финалдық кездесуге Гроувздың қатысуы екіталай. Өйткені, ол Юбенкпен өткен кездесуде иығынан жарақат алып қалды. Дегенмен де ол финалды басқа уақытта өтуі үшін өтініш беруге дайындалып жатыр. 

Айта кетейік, Гроувз 2014 жылы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) спарринг қарсыласы болды. Кейін британдық боксшы отандасымызбен өткізген жаттығу өміріндегі еш нашар дайындық деген болатын. 

Жарнама

Живи спортом!