Профи-бокс
21 маусым 2017 12:23
 
Сондерс WBO белбеуін Головкин - "Канело" кездесуімен бір күнде қорғайды

  Пікірлер

blog.share

Сондерс WBO белбеуін Головкин - "Канело" кездесуімен бір күнде қорғайды ©Bad Left Hook

Британдық боксшы Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO белбеуін 16 қыркүйек күні қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Жекпе-жек Ұлыбританияда өтеді. 

Британдық боксшының қарсыласы әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар жекпе-жек өтетін спорт кешені де анықталмаған. 

Айта кетейік, дәл осы күні, яғни 16 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл кездесу Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Бұған дейін Билли Джо Головкин мен "Канело" арасындағы бокс кешінің андеркартында канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесу өткізгісі келетінін айтқан еді. 

Жарнама

Живи спортом!