Профи-бокс
16 қазан 2017 15:27
 
Сондерс пен Лемьенің жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

  Пікірлер

blog.share

Сондерс пен Лемьенің жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды Сурет The Sun порталынан алынды.

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) пен осы салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье (38-3, 33 KO) арасындағы кездесудің қашан өтетіні белгілі болды. 

Бұл туралы BoxingScene.com порталынна канадалық боксшының менеджері Камиль Эстефан айтты. Оның айтуынша, келіссөздер жақсы жүріп жатыр екен. 

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Сондрес пен Лемье арасындағы кездесуді міндеттеген еді. Екі боксшының командаларына жекпе-жекті ұйымдастыруға 9 қарашаға дейін уақыт берген. Кері жағдайда жекпе-жек бәссаудаға қойылады. 

"Келіссөздер жақсы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта біз біраз дүниені шешіп алдық. Алдағы күндері келісімді толық жасап, Лемье мен Сондрес арасында 16 желтоқсан күні Канаданың Лаваль қаласындағы Bell Place спорт кешенінде өтетін кездесуді ресми жариялаймыз", - дейді Эстефан. 

Еске салайық, бұған дейін Лемьенің 16 желтоқсан күні Лаваль қаласында өтетін бокс кешіне қатысатыны жарияланған болаты. 

Ал Сондрес болса өзінің соңғы кездесуінде америкалық кіші Вилли Монроны Лондонда жеңіп, белбеуін сақтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!