Кәсіпқой бокс
21 желтоқсан 2017 10:17
 
Сондерс келесі жекпе-жегін Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің андеркартында өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Сондерс келесі жекпе-жегін Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің андеркартында өткізуі мүмкін ©: HBO Boxing

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық бокс Билли Джо Сондерс келесі кездесуін осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші  кешінің андеркартында өткізуі мүмкін. Бұл туралы Evening Standard жазады. 

Басылымның мәліметі бойынша, британдық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен қазіргі таңда Сондерске жазда Лондонда жекпе-жек өткізуге қолайлы уақытты іздестіріп жатыр екен. Дегенмен де оның Головкин мен "Канело" арасындағы келесі жылы мамырда өтеді деп болжанып отырған екінші кездесуді андеркартында да жұдырықтасуы әбден мүмкін. 

Еске салайық, Сондрес 16 желтоқсан күні Канада жергілікті боксшы Давид Лемьені жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Осы кездесуден кейін ол Головкинді жекпе-жекке шақырды. 

Қазақстандық боксшы болса қазіргі уақытта "Канеломен" екінші кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Кейбір ақпараттар бойынша, екі боксшының командалары жуық арада келісімге келуі ықтимал. Дегенмен жекпе-жектің өтетін орны әлі белгісіз болып тұр. Кездесуді қабылдауға Лас-Вегас қаласы, Нью-Йорктағы Madison Square Garden және 80 мың жанкүйерге арналған Техастағы AT&T Stadium стадиондары қабылдауға үмітті. 

Жарнама

Живи спортом!