Сондерс Головкинмен кездеспейтін болған соң шаршы алаңға қашан шығатынын айтты
Билли Джо Сондерс. Сурет: fightnews.info
Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс өзінің келесі кездесуін қыркүйек айында өткізеді, деп хабарлайды Boxingnews24 басылымы. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмаған.
"Билли өзінің келесі кездесуін қыркүйек айында өткізуге ниетті. Біз бір боксшымен жекпе-жек өткіземіз деп келістік. Сондықтан да ол міндетті түрде шаршы алаңға шығады. Қыркүйек айында ол бабында болады деп сенемін", - деді боксшының промоутері Фрэнк Уоррен.
Еске салайық, негізі Сондерс өзінің кездесуін 23 маусым күні өткізіп, отандасы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғауы керек болатын. Бірақ Сондерстің жарақатына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.
Содан соң Билли Джоның командасы Головкинмен келіссөз өткізді. Тіпті кейбір ақпарат бойынша қазақстандық боксшымен келіскен де екен. Дегенмен де өткен аптаның соңында Головкин Сауль "Канело" Альвареспен екінші рет кездесуге келісіп, Сондреспен келіссөзді мүлде тоқтатып тастаған.
Кеше отандасымыздың промоутері Том Леффлер болса Головкиннің "Канелодан" кейінгі қарсыласын айтып қалды. Оның айтуынша, Геннадий желтоқсан айында Сондерспен кездеседі екен.

Жарнама