Профи-бокс
7 қараша 2017 12:05
 
Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін қанша сыйақы сұрағаны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін қанша сыйақы сұрағаны белгілі болды ©: vk.com/ggolovkin

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыздың алдағы уақытта осы салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерспен (25-0, 12 КО) кездесіп, барлық белбеуді біріктіргісі келетінін айтты. 

"Геннадий барлық белбеулерді біріқтіріп, орта салмақтың абсолютті чемпионы болғысы келеді. Бірақ қазір біздің басты мақсат - "Канеломен" екінші кездесуді ұйымастыру. Дегенмен де егер Сондрес Лемьені жеңетін болса, біз онымен келіссөздерді қайта бастауға дайынбыз. Билли орта салмақта ең мықты боксшылардың бірі.

Өткен жолдары жекпе-жек үшін Сондрес тым көп ақша сұрады. Қаржылық қиындықтарға байланысты біз ол кездесуді ұйымдастыра алмадық. Егер Сондерс алдағы кездесуде Лемьеден үстем түсетін болса, онда біз болашақта бұл кездесуді ұйымдастыра аламыз. 

Ол кезде Сондрес та ақша азырақ сұрайтын шығар. Бұған дейін ол бізден әдеттегі жекпе-жектеріне қарағанда он есе көп ақша сұрады. Бірақ мен оның Лемьемен одан әлдеқайда аз ақша үшін жекпе-жек өткізу келісім бергенін білемін. Барлығы да боксшылардың өздеріне байланысты. Егер олар расында рингте бір-бірімен кездескісі келетін болса, онда ақша маңызда рөл ойнамайды", - дейді Леффлер BoxingInsider.com басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Сондерс пен Головкиннің командалары жекпе-жек өткізу туралы жыл басында келіссөз өткізген еді. Тіпті жекпе-жектің Қазақстанда өтетіні де айтылды. Сондрес бұл кездесу үшін төрт миллион доллар талап етіпті. Бірақ кейіннен Головкиннің командасы бұл кездесуден бас тартып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу ұйымдастырды. 

Айта кетейік, Сондерс өзінің келесі кездесуін 16 желтоқсан күні Канадада Давид Лемьеге қарсы өткізеді. Бұл кездесуде ол WBO белбеуін қорғайды. 

Жарнама

Живи спортом!