Сондерс Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты ойын айтты
Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Головкин мен Альварестің реваншынан қандай нәтиже күтетінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Головкин мен Альварестің реваншынан қандай нәтиже күтетінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
"Мен "Канело" рематчқа лайықты деп есептемеймін, себебі одан допинг табылды, одан сол препарат анықталды емес пе, олай болса Головкиннің оны ұрып, содан кейін нокаутқа түсіргенін көргім келеді.
Менде қазір белдік бар және мен IBF белдігіне Джейкобс ие болады деп үміттенемін, себебі оны ойсырата жеңген Головкин болатын және мен оны аса құрметтеймін. Басқа белдіктерге қатысты айтар болсам, егер жеңімпаз (GGG - "Канело" жекпе-жегінің - Авт.) менімен кездескісі келсе, мен ол жекпе-жекті қуана қабылдаймын. Егер қаламаса, мен де біреудің артынан жүгірмеймін. Бірақ, қашпаймын да", - деді Сондерс SecondsOut.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақта әлемнің экс-чемпионы америкалық Шон Портер Головкин мен Альварестің реваншына қатысты өз болжамын жасады.
Еске сала кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кімнің мықты екенін анықтай алмаған еді.
Жарнама