Профи-бокс
22 желтоқсан 2017 10:23
 
Сондерс Джейкобсқа Лондонда кездесу өткізуді ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Сондерс Джейкобсқа Лондонда кездесу өткізуді ұсынды ©: whtimes.co.uk

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Лондонда өткен баспасөз жиыны кезінде америкалық боксшы Дэниль Джейкобсқа (32-3, 29 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Мен - чемпионмын. Жақында ғана Канадада жекпе-жек өткізіп келдім. Енді не үшін Нью-Йоркқа баруым керек? Джейкобс - Лондонға кел", - деді Сондерс. 

"Егер Сондрес Джейкобспен жұдырықтасатын болса, жекпе-жек біздің талап бойынша ұйымдастырылады. Өйткені, Биллиде белбеу бар", - деді Сондрестің промоутері Уоррен. 

Еске салайық, бұған дейін Уоррен Сондерстің келесі жылғы басты мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру екенін айтты. Ал аптаның басында Сондерстің Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығатыны туралы жазылған еді. 

Жарнама

Живи спортом!