Профи-бокс
20 маусым 2017 12:43
 
Сондерс алдымен арықтап келсін, сосын мен немесе Головкинмен жұдырықтассын - "Канело"

  Пікірлер

blog.share

Сондерс алдымен арықтап келсін, сосын мен немесе Головкинмен жұдырықтассын - "Канело" © vk.com/ggolovkin

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге Лондонда өткізген жатқан баспасөз мәслихатына WBO чемпионы Билли Джо Сондерс келгенде оны танымай қалғанын айтады, - деп хабарлайды The Sun.

"Ол орнынан тұрып, бірдеме айта бастағанда оны танымай қалдым. Мен оны ешқашан зерттеген емеспін. Бірақ ол менімен немесе Головкинмен жұдырықтасқысы келсе, оған жақсылап арықтау керек.

Бұрын жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылап көргенбіз. Бұл Майамидегі сот кезінде еді, WBC келісімге келу үшін бізге 15 күн берген болатын. Бірақ шарттар көп болды және тиімсіз шарттар. Мен ол кездегі табыс пен пайыздарды бөлісуге келіспедім.

Оны бір қолымды арқама таңып қойып, көзімді жұмып жеңе алатынымы сенімдімін", - дейді "Канело".

Сондерс баспасөз мәслихатына келіп, GGG келісімшарт ұсынған кезде қаламсабын жоғалтып алды деді. Тек Головкин британиялықтың бұл қылығына күле жауап берді.

"Сондерс - жақсы жігіт, бірақ, тым көп сөйлейді", - деді Головкин.

Еске салайық, Сондерс 16 қыркүйектегі Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында Давид Лемьемен жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын айтты. Баспасөз мәслихаты кезінде британиялық боксшы алдымен "Канелоны" сөзбен түйреп, артынан Головкинді де мұқатқысы келді. Бірақ қазақстандық боксшы оны өз орнына қойып, оны сайқымазақ деді. Сонымен бірге, Сондерс сұхбат беріп жатқанда өзге британиялық боксшы Дерек Чисора WBO чемпионының дамбалын сыпырып тастады.

Жарнама

Живи спортом!