"Шынайы жарылыс". Кеншілер Роллспен жекпе-жек алдында Головкинді қолдау үшін өзгеше флешмоб бастады
Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шұбаркөл көмір" АҚ "Орталық" және "Батыс" разрезінде жұмыс істейтін кеншілер танымал жерлестеріне - кәсіпқой бокста чемпион болған Геннадий Головкинге Стив Ролсқа қарсы өткізетін жекпе-жегінде жеңіс тіледі. Сенің соққыларың мың жүз мың текше метр таулы массаның жарылысындай жойқын болсын!" - делінген видеоның сипаттамасында. Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған.
Осылайша, жұмысшылар ерекше флешмоб бастады. Олар қазақстандықтарға Головкинді қолдау видеосын түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу кезінде мына хэштегтерді қолдануды ұсынады:#GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе.
Идея авторларының айтуынша, бейне түсіруге 300 жұмысшы қатысқан. Түсірілім кәсіпорынның өндірістік алаңында өтті. Арнайы ролик үшін кеншілер жарылыс ұйымдастыруды шешті. Оның аумағы - 900 шаршы метрү "12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, ал жарылған тау - кен массасының көлемі 97 мың текше метр болды", - деді кәсіпорын өкілдері. Кеншілер 8 маусымда өтетін кездесуді асыға күтетінін және жерлестерінің жеңісіне сенетінін атап өтті.
GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.
Жарнама