Профи-бокс
25 наурыз 2017 14:39
 

Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен 29 сәуірде Лас-Вегаста жұдырықтасатын болды. Айта кетейік, отандық спортшы ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейінгі) WBA тұжырымының аралық чемпионы, ал кубалық осы ұйымның титулының уақытша иегері.

"Осындай жекпе-жектің өтуі үшін атқарылуы тиіс болған жұмыстарды орындағанымызға қуаныштымыз. Жуырда Дортикостың қаһарлы қарсыласқа қарсы тарихи жекпе-жекте дарынын әлем тамашалайды деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Дортикостың промоутері әрі Warriors Boxing компаниясының басшысы Луис Декубас. Юниер Дортикос. © elnuevoherald.com

Шүменов 2015 жылдың жазында Бенджамин Флоресті жеңіп, уақытша чемпиондық титулға ие болған, кейін Джуниор Райтты нокаутқа түсірген соң аралық чемпион атанған еді. 

Ал Дортикос 2016 жылдың мамырында Йоури Каленгиді 10-шы раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандық 17 рет жеңіске жеткен (11-і нокаутпен) және екі мәрте жеңілген, ал қарсыласы кубалық жеңіліссіз келе жатыр, 21 жеңісі бар (оның 20-сы нокаутпен аяқталған).  Кубалық пен қазақстандықтың жеңгені WBA тұжырымы бойынша қазіргі "суперчемпион" Денис Лебедевтің атағын тартып алуға міндетті үміткер болады.

blog.share
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен 29 сәуірде Лас-Вегаста жұдырықтасатын болды. Айта кетейік, отандық спортшы ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейінгі) WBA тұжырымының аралық чемпионы, ал кубалық осы ұйымның титулының уақытша иегері.

"Осындай жекпе-жектің өтуі үшін атқарылуы тиіс болған жұмыстарды орындағанымызға қуаныштымыз. Жуырда Дортикостың қаһарлы қарсыласқа қарсы тарихи жекпе-жекте дарынын әлем тамашалайды деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Дортикостың промоутері әрі Warriors Boxing компаниясының басшысы Луис Декубас. Юниер Дортикос. © elnuevoherald.com

Шүменов 2015 жылдың жазында Бенджамин Флоресті жеңіп, уақытша чемпиондық титулға ие болған, кейін Джуниор Райтты нокаутқа түсірген соң аралық чемпион атанған еді. 


Ал Дортикос 2016 жылдың мамырында Йоури Каленгиді 10-шы раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандық 17 рет жеңіске жеткен (11-і нокаутпен) және екі мәрте жеңілген, ал қарсыласы кубалық жеңіліссіз келе жатыр, 21 жеңісі бар (оның 20-сы нокаутпен аяқталған). 
Кубалық пен қазақстандықтың жеңгені WBA тұжырымы бойынша қазіргі "суперчемпион" Денис Лебедевтің атағын тартып алуға міндетті үміткер болады.

Жарнама

Живи спортом!