Профи-бокс
19 сәуір 2017 15:06
 
Шүменов пен Дортикостың жеңіске жету мүмкіндігі бірдей - комментатор

  Пікірлер

blog.share

Шүменов пен Дортикостың жеңіске жету мүмкіндігі бірдей - комментатор © Mayweather Promotions

Комментатор әрі журналист Армандо Мендоза Vesti.kz сайтына берген сұхбатында бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен осы салмақ дәрежесінде WBA тұжырымының уақытша чемпионы Юниер Дортикос арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойымен бөлісті.

"Олар жиі жұдырықтаспайды. Соңғы рет олар тек өткен жылы ғана шаршы алаңға шықты, сол себепті олардың дайындығы жөнінде бірдеме деп айту өте қиын. Көп нәрсе қарсыластардың кездесуге қалай дайындалғанына байланысты. Физикалық сипаттама бойынша Дортикос күштірек көрінеді, алайда қос боксшының жеңіске деген мүмкіндігі бірдей. Жеңіске жетудің бірден-бір жолы дайындық лагерінде жақсы көрсеткішке жеткен және кездесуге деген дайындығына байланысты", - деді Мендоза.

Шұменов осыған дейін Дортикоспен өтетін жекпе-жекке дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде кубалық боксшы қазақстандықпен шаршы алаңға шығуды асыға күтіп жүргенін айтты.

Сонымен қатар, 2005 жылы бокстан әлем чемпионы болған Ердос Жаңабергенов Шүменовтың қарсыласының әлсіз тұстарын айтқан болатын. 

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос арасындағы жекпе-жек 30 сәуірде Лас Вегас қаласында өтеді. Кездесудің тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.

Жарнама

Живи спортом!