Профи-бокс
14 мамыр 2018 17:11
 
Шүменов дәл қазір не істей алатынын көрсетуі тиіс - Ағылшын журналисі қазақстандық боксшының шаршы алаңға қайтып оралғаны жайлы

  Пікірлер

blog.share

Шүменов дәл қазір не істей алатынын көрсетуі тиіс - Ағылшын журналисі қазақстандық боксшының шаршы алаңға қайтып оралғаны жайлы Бейбіт Шүменов. © Вoxingscene.com

TalkSport.com сайтының редакторы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) белбеуі үшін таласта Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) пен түркиялық Хизни Алтункая (30-1, 17 КО)  арасында өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты.

Олардың жекпе-жегі 7 шілдеде Астана қаласында өтеді. Шүменов - Алтункая жекпе-жегінен бөлек, Қазақстанда жылына екі рет өтетін WBA директораты өткізіледі. 

"Бір жағынан Шүменовтың қайтып келгенін көру қызық. Оған ұзақ мерзімді демалыс қалай әсер еткенін білмеймін, тәжірибе өзінікін жасайды деген сенімдемін. Регуляр немесе уақытша белбеулер аса бір дәреже бере қоймайды. Бұл тек сол ұйымның рейтингісмінде үздіктер тобына бір табан жақындай үшін қажет. Шүменов дәл қазір не істей алатынын көрсетуі тиіс. Ал WBA титулы - бұл дегеніміз қосымша өзіңе назар аударту деген сөз", - деді Бенсон. 

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы осы белбеуді бұрындары иеленген еді, алайда жарақатына байланысты ол бокстан кетуіне тура келді. 

Жарнама

Живи спортом!