Профи-бокс
22 қыркүйек 2017 10:31
 
Сергей Ковалев: Андре Уордтың бокстан кетуі - бокс үшін жақсы жағдай

  Пікірлер

blog.share

Сергей Ковалев: Андре Уордтың бокстан кетуі - бокс үшін жақсы жағдай © twitter.com/KrusherKovalev

Ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің ойынша, америкалық Андре Уордтың спорттан кетуі кәсіпқой бокс үшін жақсы жағдай, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Егер бұл жүз пайызға нақты мәлімет болса, бұл жақсы болғаны. Бұл бокс  үшін өте жақсы, біздер осы белбеулер үшін қайта таласатын боламыз, нағыз боксшылар өзара бөлісетін болады. Біздің дивизионда мықты әрі күшті боксшылар көп, олардың барлығы да осы титулдарды иеленгісі келеді. Олардың жекпе-жегі бокс үшін жақсы өзгерістер алып келеді", - деп жазады BoxingScene Ковалевтің сөзін. 

Андре Уорд соңғы екі жекпе-жегін ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізіп, екеінде де жеңген еді. 

IBF, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына (79,38 кг салмақта) америкалық боксшы Андре Уорд спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы боксшы өзінің ресми сайтында хабарлады.

"Борышым аяқталды. 10 жыл серігім болған боксты жақсы көремін. Маған қолдау білдірген барша жанкүйерлеріме шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұдан кейінгі жекпе-жектерге қауқарым жетпейтін секілді. Себебі шаршы алаңға тағы шығуға ықыласым жоқ", - деп жазған боксшы.

Жарнама

Живи спортом!