Профи-бокс
19 маусым 2017 10:09
 
Сергей Ковалев Андре Уордтан жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрады

  Пікірлер

blog.share

Сергей Ковалев Андре Уордтан жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрады © СПОРТ bigmir)net

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев америкалық Андре Уордтан жеңілгеннен кейін өз жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл түні мені қолдағандарға алғыс білдіремін. Үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешіріңіздер. Бұл бокс!", - деп жазыпты Ковалев Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Ковалев - Уорд жекпе-жегінің сатистикасы белгілі болды. Ол бойынша жұдырықтасу тоқтатылған сәтте ресейлік басым болып тұрған. Сегіз раундтың алты раундында Ковалев дәл соққылар бойынша алда тұрған. Енді Ковалевтің промоутерлері кездесудің қорытындысына қарсы шағым бермек. Ал Уорд ресейлікпен тағы бір жекпе-жек өткізуге ниеті жоғын айтты. Ковалев 30 жеңістен кейін 2 рет қатарынан жеңіліп отыр. Ресейлік боксшы WBA (Super), IBF және WBO белбеулері үшін Уордпен қарымта кездесуде техникалық нокаутпен жеңілді. Жұдырықтасу ресейлік шатынан және басқа жерлерінен бірнеше соққы тиген кезде тоқтатылды. Лас-Вегас аренасына бокс кешіне тамашалауға жиналған көрермендер төреші шешіміне наразы болғанын айта кету керек.

Жарнама

Живи спортом!