Кәсіпқой бокс
9 тамыз 2018 10:41
 

Сауль Альварестің "егізі" Головкиннің промоутері ұйымдастырған бокс кешіне қатысты

  Пікірлер

blog.share

Сауль Альварестің "егізі" Головкиннің промоутері ұйымдастырған бокс кешіне қатысты Том Леффлер мен Альварестің "егізі". Видеодан үзінді

9 тамызда Калифорния штатындағы Голливуд қаласында Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде қызықты жағдай болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кештің басты кездесуінің алдында шаршы алаңға промоутер Том Леффлер шығып, қолына микрофон алып, залда отырған "Канелоның" осы кешке келгені үшін алғыс білдіріп, рингке шақырды. Ол шаршы алаңға шыққанда оның шын мәнінде "Сауль Альварес емес, небәрі соған ұқсайтын адам екені анықталды. Ол америкалық әуесқой боксшы Ларри Трейбиг болып шықты, ол мексикалыққа ұқсастығымен танымал болған. 

Шаршы алаңда тұрып, Леффлер 15 қыркүйекте Лас-Вегаста Головкин мен Альварес арасында өтетін жекпе-жекті жарнамалап, мексикалық боксшының допингпен ұсталғаны туралы әзілдеді. 

Еске салайық, 23 жастағы Ахмедов Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде өзінен он жас үлкен Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) жұдырықтасты.Кездесудің бірінші раундынан бастап Ахмедов басымдылыққа ие болып, белсенді түрде қарсыласына шабуыл жасаумен болды. Көбірек қорғаныста болған Эскаланте кейде контршабуыл жасап тұрды. Үшінші раундтың соңында қазақстандық боксшы бірнеше соққы жұмсап, америкалықты нокдаунға түсірді. Эскаланені гонг құтқарып қалды. Төртінші раундта отандасымыз Эскалантені нокаутқа түсірді.


blog.share
9 тамызда Калифорния штатындағы Голливуд қаласында Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде қызықты жағдай болды, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Кештің басты кездесуінің алдында шаршы алаңға промоутер Том Леффлер шығып, қолына микрофон алып, залда отырған "Канелоның" осы кешке келгені үшін алғыс білдіріп, рингке шақырды.
Ол шаршы алаңға шыққанда оның шын мәнінде "Сауль Альварес емес, небәрі соған ұқсайтын адам екені анықталды.
Ол америкалық әуесқой боксшы Ларри Трейбиг болып шықты, ол мексикалыққа ұқсастығымен танымал болған.
 

Шаршы алаңда тұрып, Леффлер 15 қыркүйекте Лас-Вегаста Головкин мен Альварес арасында өтетін жекпе-жекті жарнамалап, мексикалық боксшының допингпен ұсталғаны туралы әзілдеді.
 

Еске салайық, 23 жастағы Ахмедов Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде өзінен он жас үлкен Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) жұдырықтасты.
Кездесудің бірінші раундынан бастап Ахмедов басымдылыққа ие болып, белсенді түрде қарсыласына шабуыл жасаумен болды.
Көбірек қорғаныста болған Эскаланте кейде контршабуыл жасап тұрды.
 Үшінші раундтың соңында қазақстандық боксшы бірнеше соққы жұмсап, америкалықты нокдаунға түсірді.
Эскаланені гонг құтқарып қалды.
Төртінші раундта отандасымыз Эскалантені нокаутқа түсірді.



Жарнама

Живи спортом!