Сауль Альварестің бапкері қазақстандық кәсіпқой боксшыны жаттықтырады
Бокстан Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері қазақстандық Иван Дычконы (10-0, 10 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жұмыс істейтін Эдди Рейноса жаттықтыратын болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.

Аса ауыр салмақтағы отандасымыз келесі кездесуін 11 қыркүйек күні өткізуі мүмкін. Қазір оған қарсылас іздестіріп жатыр.
"Иван Сан-Диегоға ұшып кетті. Оны Эдди Рейносо шақырды. Ол "Канелоның" жаттығу залында. Фрэнк Санчеспен (18-0, 13 КО) спарринг өткізеді. Иванға да мұндай жаттығулар керек еді.
Санчес қазір Эфе Аджагбаға (15-0, 12 КО) қарсы кездесуге дайындалуда. Нигериялық боксшы да бұған дейін Дычкомен спарринг өткізген. Енді бұл боксшылар алты раундтық жекпе-жекте кездеседі. Мен өзім 28-і күні ұшып барамын. Эдди Рейносо әңгімелесу керегін айтты. Ол 2019 жылы Иванды жаттықтырғысы келген. Енді осы туралы әңгімелесеміз", - деді Алиев.
Айта кетейік, қыркүйек айындағы кездесуде Дычконың қарсыласы Джонатан Райс (14-6-1, 10 КО), Кассиус Чейни (21-0, 14 КО) немесе Андрей Федосов (32-3, 26 КО) секілді боксшылардың бірі болуы мүмкін.
Жарнама