Сарапшы Головкин карьерасын аяқтайтыны туралы айтты

ESPN телеарнасының сарапшысы Бернардо Пилатти орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтыны туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бұл Геннадий Головкиннің карьерасындағы соңғы жыл. 40 жастан кейін ол жекпе-жек өткізеді дегенге сенбеймін. Оның отбасы, оның әйелі карьерасын аяқтағанын қалайды. Сондықтан ол "Канеломен" өтетін үшінші кездесуден кейін бокстан кетеді", - деді Пилатти.
Еске салайық, сәуір айында Головкин 40 жасқа толады. Ол келесі кездесуін 9 сәуір күні WBA ұйымының "суперчемпионы" Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы өткізеді. Содан соң отандасымыз мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша, бұл айқас қыркүйек айында болады.
Жарнама