Сарапшы Әлімханұлы алдағы кездесуінде жеңіліске ұшырайтынын айтты
Екінші орта салмақ өнер көрсететін 29 жастағы Жәнібек Әлемханұлы (10-0-0, 6 KO) алдағы кездесуінде жеңіліп қалуы мүмкін. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында британиядық журналист Бен Смит айтты. Оның ойынша, қазақстандық боксшыда 37 жастағы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) жекпе-жек өткізуге әлі тәжірибесі аз екен.

Әлімханұлы мен Н'Жикам арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласында Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. Аталған кештің басты айқасында Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17 КО) қолғап түйістіреді. Бұл айқастар 21 қараша болады.
"Әлімханұлы жақсы боксшы. Соңғы айқасын да жақсы өткізді. Бірақ оның келесі қарсыласы әлдеқайда тәжірибелі жігіт. Хасан карьерасында көптеген кездесу өткізді. Мықты қарсыластары да көп болған. Чемпиондық белбеу жеңіп, оны талай рет қорғаған. Психологиялық тұрғыдан ол Әлімханұлынан мықты. Оның тәжірибесі де көп. Кез-келген жағдайға дайын боксшы. Сондықтан мен басымдықты франциялық боксшыға берем. Алдағы айқаста Әлімханұлы жеңіліп қалуы мүмкін", - деді ол.
Жарнама