Садриддин Ахмедов Қазақстанның кәсіпқой бокстағы жұлдызы бола ала ма?
©kfb.kz
Соңғы уақытта қазақ боксшыларының әуесқой боксқа ауысуы жиілеп кеткенін осы спортқа аңсары ауған жанкүйерлер жақсы біледі. Солардың бірі жыл басында жастар құрамасынан ұлттық құрамаға қосылған дарынды боксшы Садриддин Ахмедов, деп жазады Baq.kz порталы.
Қазіргі уақытта ол Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычконың The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Келісімшарт жасалған соң жаттығу жиынын бастап кетпек. Келісімшарт төрт жылға жоспарланған. Осы уақыт аралығында Ахмедов WBC, WBA, IBF және WBO тұжырымдарының чемпиондық атағына таласуға мүмкіндік алмақ. Оның айтуынша, жылдың соңына дейін алғашқы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап жатыр. Отандасымыздың промоутері Луис Ортис сынды әлемге танымал былғары қолғап шеберлерін шығарған Риккаро Риццо екен.
Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысуына не себеп болды?
Бокс мамандары мен сарапшылар былтыр жастар арасында әлем чемпионы атанған Ахмедовті алдағы әлемдік жарыстарда Қазақстанға алтын жүлде әкелетін боксшы санаған болатын. Осы жылдың басында сөйлескенімізде Садриддин Ахмедов әуесқой бокстағы барлық атақты жеңіп, сонан соң кәсіпқой бокста бағын сынап көретінін айтқан еді.
«Бұл салмақтың жауапкершілігі өте жоғары екенін түсінемін. 69 келіде ағаларымның жақсы дәстүрін жалғастырсам деймін. Сол үшін еңбек етіп жатырмын. Басты мақсатым – әлем және Олимпиада чемпионы атану. Кәсіпқой боксты жақсы көремін. Бірақ әуесқой бокста жетпеген жетістіктерім, бағындырмаған биіктерім көп. Токио Олимпиадасына ілінсем, одан кейін кәсіпқой боксқа ауысу, ауыспау туралы ойлануға болады. Бұған дейін АҚШ-та тұрып жатқан Василий Жиров ағамыздан ұсыныс келді. Бірақ ұлы мақсатым – Олимпиада чемпионы атану болғандықтан, бас тарттым. Кәсіпқой боксты көп қараймын, бірақ дәл мына боксшы сияқты болғым келеді, ұқсағым келеді деп ешкімді айта алмаймын. Кумирім де жоқ. Ешкімге ұқсамайтын, өзіндік ерекше стилі бар атақты боксшы болғым келеді» деген болатын.
Әйтсе де Садриддин күтпеген жерден кәсіпқой боксқа кетті. Неге? Отандық бокс мамандары мұны Данияр Елеусіновтің ұлттық құрамаға қайта оралуымен байланыстырады. Келесі жылы халықаралық ірі додаларға ұлттық құрама бапкерлері Данияр Елеусіновті апарады деген болжам бар. Оның үстіне, дәл қазір елімізде 69 келіде бәсекелестік өте жоғары.
Елеусіновтен басқа, Азия және әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, «Астана арландары» сапында көзге түсіп жүрген 2014 жылғы ел чемпионы Асланбек Шымбергенов және былтырғы ел біріншілігінің қола жүлдегері, жас боксшы Илья Очкин бар. Дегенмен, халықаралық ірі додаларға тек тәжірибесі толысқан боксшылар баратынын, жас боксшылар екінші дәрежелі турнирлерде шыңдалатынын бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов ылғи айтып келеді.
69 келіде құраманың бірінші нөмірлі боксшысы атануға мүмкіндігі аз десек, Садриддин Ахмедов неге 75 келіге ауыспайды? Алайда, онда бәсеке күшті. 20 жасында Әлем чемпионатының финалына шыққан Аманқұл Әбілхан, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, тағы бір жас талант Тұрсынбай Құлахмет. Тәжірибелі әрі өте мықты боксшы Ерік Әлжанов осы салмақта жұдырықтасуы мүмкін.
Жақында бір сұхбатында Ахмедов кәсіпқой боксқа кетуіме Елеусіновтің оралуы ықпал еткен жоқ деді. Әйтсе де, жоғарыдағы дәйектер негізінде біз басты себеп ішкі бәсекелестік деген түйін жасап отырмыз.
The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа отыратын болса, Ахмедов қазақстандық ең жас кәсіпқой боксшылардың бірі атанбақ. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, бүгінде 60-қа жуық қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізіп жүр.
Садриддинді чемпиондық жолда кімдер күтіп тұр?
Біздің болжам бойынша, Ахмедов бірінші орта салмақ дәрежесінде (69,9 кг) бокстасуы мүмкін. Себебі, 69 келіге түсу үшін ол 4-5 келі салмақ «қуады». Бұл қалыпты жағдай. Ал орта салмақта жұдырықтасатын болса (66 кг) оған жоқ дегенде 9-10 келі, бәлкім, одан жоғары салмақтан төмен түсуге тура келеді.
Чемпиондық белбеулер үшін рингке шыға қалса 69,9 келіде Ахмедов қандай боксшылармен кездесуі мүмкін?
Джермелл Чарло. 27 жастағы америкалық кәсіпқой бокстағы ең атақты және дәрежесі жағынан жоғары тұрған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бірінші орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы (29-0, 14 КО). Ол бұл белбеуді 2016 жылдың мамыр айында иеленіп, бір рет қорғады. Егер Садриддин Ахмедов төрт жылдың ішінде чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік алса, оған дейін Джермелл Чарло карьерасын аяқтап немесе белдігінен айырылып қалмаса.
Эрисланди Лара және Деметриус Андраде. Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBA) қазіргі уақытта екі негізгі чемпионы бар. Бірі – 34 жастағы кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО). Ол WBA белбеуінің «Супер» чемпионы. Ал 29 жастағы америкалық боксшы Деметриус Андраде (24-0, 16 КО) «қарапайым» әлем чемпионы белдігінің иесі. Бұл боксшылардың арасында Садриддиннің Лараға қарағанда Андрадемен кездесу өткізу мүмкіндігі жоғары.
Джаррет Херт. Америкалық Херт Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазіргі уақыттағы чемпионы (20-0, 14 КО). Бұл белбеуді ол осы жылдың ақпан айында иеленген. Бір апта бұрын ғана ол жерлесі Остин Траутпен (30-3, 17 КО) кездесіп, IBF белдігін бірінші рет қорғады.
Мигель Котто. Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпионы 36 жастағы пуэрториколық – Мигель Котто (41-5, 33 КО). Котто бұл белбеуді тамыз айында ғана иеленді. Жас шамасына қарайтын болсақ, Ахмедов пен Котто арасында жекпе-жек өтпейтін сияқты. Дегенмен, кім біледі? Бернард Хопкинс секілді Котто да 50 жасқа дейін кәсіпқой бокста жүруі мүмкін ғой. Бұл белбеудің NABO аймақтық чемпионы – отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) екенін айта кетейік.
Мырзағали Айтжанов: Садриддин бізге айтпай кетті
Ұлттық құрама сапына биыл қабылданған Садриддин Ахмедовті бас бапкер Мырзағали Айтжанов та жаттықтырды. Осы орайда, Айтжановтан «Садриддин туралы қандай жоспарыңыз бар?» деп сұраған едік. Бірақ ол Ахмедов туралы сөйлескісі келмейтінін білдірді.
– Садриддин кәсіпқой боксқа ауысты ма, жоқ па, әлі нақтыланған жоқ. Оны әлі көрген жоқпын, жолыққан жоқпын. Әйтеуір, БАҚ-қа сұхбат беріп, үзілді-кесілді кәсіпқойға ауысқаны туралы хабарлапты. Өз таңдауы, сондықтан оны ұлттық құрамада ұстап тұра алмаймын. Алдыма келіп, бір ауыз пікірімді сұрап, рұқсатымды алған жоқ. Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысқанынан біздің ұлттық құрама әлсіз болып қалмайды. Ахмедов жастар арасында әлем чемпионы болғанымен, ересектер арасында әлі нәтиже көрсетіп үлгерген жоқ. Биылғы ел чемпионатынан кейін құрама қайта жасақталады. Чемпионатқа қатыспаған боксшыларды Ұлттық құрамаға ала алмаймыз, - деді Мырзағали Айтжанов.

Жарнама