Профи-бокс
7 маусым 2017 14:31
 
Роман Гонсалес пен Висаксил Вангек қарымта кездесуді Головкин-Альварес жекпе-жегінене дейін өткізетін болды

  Пікірлер

blog.share

Роман Гонсалес пен Висаксил Вангек қарымта кездесуді Головкин-Альварес жекпе-жегінене дейін өткізетін болды © Р-Спорт

Ең жеңіл салмақта бұрынғы WBC чемпионы 29 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-1, 38 КО) және осы ұйымның қазіргі чемпионы 30 жастағы тайландтық Висаксил Вангек (42-4-1, 38 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болады.

RingTV ақпараты бойынша, бұл боксшылардың екінші кездесуі 9 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді.

Гонсалес - Вангек жекпе-жегінің андеркартында Карлос Куадрас пен Хуан Франциско Эстрада қолғап түйістіреді. Екі жекпе-жектің жеңімпаздары бір-бірімен жұдырықтасады.

Мұның алдында WBC бокс кеңесі Гонсалес пен Вангек қраымта кездесуді жылдам өткізу керек деген шешім шығарған болатын. Бірінші кездесу 18 наурызда өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер шешімімен Тайланд боксшысы жеңіске жектен еді. Алайда мамандар мен жанкүйерлердің көпшілігі бұл шешімді әділетсіз деген болатын.

Сонымен бірге, бұл боксшылардың кездесуі 16 қыркүйекке белгіленген қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің андеркартында өтуі мүмкін екені айтылған еді.

Жарнама

Живи спортом!