Профи-бокс
28 сәуір 2017 17:58
 
Рамирестің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін - промоутер

  Пікірлер

blog.share

Рамирестің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін - промоутер ©boxinginsider.com

Екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хильберто Рамирестің (35-0, 24 KO) менеджері Гекто Запари мексикалық боксшының алдағы уақытта қарсыласы кім болып қалуы мүмкін екенін айтып берді.

Рамирес өзінің соңғы кездесуін 22 сәуір күні АҚШ-өткізіп, украиналық Максим Бурсактан (33-5-1, 15 КО) үстем түсті. Осылайша ол WBO тұжырымының чемпиондық атағын бірінші рет қорғап қалды. 

Запаридің айтуы бойынша, оның алдағы қарсыласы америкалық Джесси Харт (22-0, 18 КО) немесе қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болуы ықтимал екен. Промоутер Головкинді қарсылас ретінде тек мексикалық боксшы салмағын жоғарылататын болса қарастырады екен. 

"Біз қазіргі уақытта Рамирестің келесі жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Промоутермен әлі кездескен жоқпыз. Оның келесі қарсыласы туралы айтатын болсақ, оның Джесси Хартқа қарсы міндеттелген жекпе-жегі бар. Мүмкін Головкин де болып қалуы ықтимал. Егер ол 168 фунтқа өтетін болсақ. Бірақ оның барлығы әлі нақтыланған жоқ", - дейді Запари Noroeste.mx басылымына берген сұқбатында. 

Жарнама

Живи спортом!