"Рақмет, GGG". Роллс Головкинмен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Фото: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жегі алдында соңғы ресми баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz Нью-Йорктен.
Стив Роллс осы сенбіде GGG-ге оңай қарсылас болмауға уәде берді.
"Құдайға, DAZN мен GGG Promotions-ке алғыс айтқым келеді. Осында болу үшін ұзақ сапар жүрдім. Бұл қиын мақсат және жақсы мүмкіндік. Бұл жаттығу жекпе-жегі болмайды. 8 маусымда өзімді орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретінде көрсетемін", - деді Роллс.
Ал Головкиннің бапкері Джонатан Бэнк GGG-дің алдағы қарсыласын дұрыс бағалау керек екенін айтты. "Роллс өмірінің соңғы жекпе-жегіне шыққандай жұдырықтасады. Джошуаға қарсы жекпе-жек те сондай болған - Энди Руис бар күшін салды. Стив секілді оның да жоғалтар ештеңесі болмады. Сондықтан, Роллс - қауіпті қарсылас. Оған бей-жай қарамаймыз. Жоспарымыз бар. Сол жоспар бойынша сенбіде GGG жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантады деп үміттенемін", - деді Бэнкс.
Естеріңізге салсақ, Головкин - Роллс жекпе-жегі 164 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады. Кездесу қазақстандық уақытпен 9 маусымда таңда басталады. Жекпе-жекті QazSport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

Жарнама