Промоутерлер Сауль "Канело" Альвареске желтоқсанға қарсылас тапты
© Наоки Фукуда
Төрт салмақ дәрежесінде бұрыңғы әлем чемпионы пуэрторикалық Мигель Котто (40-5, 33 KO) спорттық мансабын қайта жалғастыруды ойлап отыр, - деп жазады Boxingnews24.com.
Осыған дейін Котто 2017 жыл спорттық мансабындағы ең соңғы жыл болатынын жеткізген еді. 26 тамызда пуэрторикалық боксшы жапониялық Йосихиро Камегаимен (27-3-2, 24 КО) бірінші орта салмақтағы WBO титулы үшін таласады. Осы жекпе-жекті Golden Boy Promotions компаниясы ұйымдастырады.
Басылым мәліметінше, Котто "Канеломен" реванш өткізу үшін спортқа қайтып оралуы мүмкін. 2015 жылы орта салмақтағы WBC титулы үшін таласта пуерторикалық боксшы мексикалықтан жеңіліп қалған болатын. Күзде мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасатынына қарамастан, "Канело" Коттомен желтоқсанда шығуы мүмкін.
"Менің Golden Boy Promotions компаниясымен осы жылдың соңына дейін келісім шартым бар. Біз бұл келісімшартты создырамыз деп үміттенемін, себебі көп уақыт бойы мен шаршы алаңға шықпадым, - деді Котто ESPN арнасына берген сқхбатында. - "Канело" не Маркес? Бізге қайсысы тиімді соны таңдаймыз. Мигель Котто үшін ыңғайлы болса, кез-келген қарсыласқа дайынбыз".
Пуэрторикалықтың бапкері Фредди Роуч өзі жаттықтырып жүрген боксшының Головкинмен шыққанын қалайды. Маманның ойынша, Котто Головкинді жеңе алады.
Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегінің келісімшартында реванш мәселесі қарастырылған. Бірақ тек Альварес жеңілген жағдайда. Басылым мәліметінше, "Канело" ұтылған жағдайда реваншқа Головкинмен шықпай Коттомен өткізгенді дұрыс көреді.

Жарнама