Промоутер "Канело" Головкиннің орнына Лемьемен кездесуі мүмкін екенін растады
©ringtv.com
Golden Boy промоутерлік компаниясының вице-президенті Эрик Гомес Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісе алмайтын болса, канадалық Давид Лемьемен кездесуі ықтимал екенін айтты.
"Қазіргі уақытта Давид Лемьенің абырой қайта көтеріліп жатыр. Оның соңғы жекпе-жектеріндегі нокауттары керемет. Сондықтан ол Сауль үшін алдағы қарсыластарының бірі болуы мүмкін. Давидтің де "Канеломен" кездескісі келетінін білемін. Альварес те онымен кездесуге кет әрі емес. Бірақ бұл боксшылардың екеуі де 6 мамыр күні жекпе-жектерін өткізеді. "Канело" кіші Чавеспен кездеседі. Ал ол оңай қарсылас емес. Бірақ Лемьенің де қарсыласы осал емес.
Сол кездесуден кейін Альварес Головкинмен кездесуді ойлап отыр. "Канело" да, біз де бұл жекпе-жекті қалап отырмыз. Головкин де бұл жекпе-жекті асыға күтіп отырғанын айтқан еді. Біз қазіргі уақытта келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Егер де қандай да бір себептермен бұл жекпе-жек өтпейтін болса, Альварестің келесі қарсыласы Лемье болады", - дейді Гомес The Ring порталына берген сұқбатында.

Жарнама