Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек нешеде басталатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Промоутердің сөзінше, бокс әлемінде көпшілік күткен жекпе-жек Американың шығыс уақыты бойынша кешкі 11-ден кеш басталмайды.
"Негізгі оқиға 11-ден кеш басталмайды, Шығыс жағалауда. Сонымен, барлық авторлар мен жанкүйерлерге, Сіздерге 12 немесе түнгі бірге дейін күтудің қажеті болмайды. Сіздер бұл жекпе-жекті шығыс уақыт бойынша 11:00-де тамашалай аласыздар", - деп мәлімдеді Де Ла Хойя.
Осылайша, Қазақстан уақыты бойынша Голвкин-Альварес жекпе-жегі жексенбі, 17 қыркүйек сағат таңғы 9-да басталады. Бокс кеші 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. АҚШ-та ол ақылы көрсетілім жүйесі (PPV) арқылы HBO арнасында көрсетіледі. Бүгін, 22 маусымда билеттер сатылымы басталады.
Еске салайық, WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы Геннадий Головкин осы жекпе-жектен бокстан кетуі мүмкін екені айтқан. Ал "Канело" тек Головкиннен мықты екенін дәлдегісі келетінін айтты.

Жарнама