Пакьяоны жеңген Хорн келесі жекпе-жегінде Кроуфордпен кездесуі мүмкін
Филиппиндік былғары қолғап шебері Мэнни Пакьяо мансабын аяқтаса Top Rank промоутерлік компаниясы екінші жартылай орта салмақта WBO чемпионы Джефф Хорн мен IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпоны Теренс Кроуфорд арасында жекпе-жек өткізеді.
«Дәл қазіргі сәтте нақты ештеңе айта алмаймын. Джефф Хорн мен Мэнни Пакьяо арасындағы қарымта кездесуді өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы келіссөздердің нәтижесінде, Кроуфорд пен Хорн жекпе-жегінің тағдыры шешіледі. Егер Пакьяо қарымта кездесуді өткізуден бас тартса немесе мансабын аяқтайтын болса Хорн Кроуфордқа қарсы жұдырықтасады», — дейді Top Rank промоутерлік компаниясының вице-президенті Карл Моретти On The Ropes Boxing радиосына берген сұхбатында.
Мэнни Пакьяоның (59-7-2, 38 КО) командасы аустралиялық Джефф Хорнмен (17-0-1, 11 КО) екінші кездесуді ұйымдастыру үшін оның командасымен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі. Қарымта жекпе-жек Аустралияда өтуі мүмкін. Екі боксшының командалары қазіргі уақытта 56 мың жанкүйер сыйатын Мельбурндағы «Этихад» пен Брисбендегі 14 мың жанкүйерге арналған стадиондармен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Жекпе-жек шамамен қараша айында өтуі ықтимал.
Еске салайық, Мэнни Пакьяо мен Джефф Хорн арасындағы бірінші кездесу 2 шілде күні Брисбенде өткен еді. Ол кездесуде 12 раундтың қорытындысы бойынша Хорн төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, WBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Жарнама