Профи-бокс
16 мамыр 2017 15:22
 
Пакьяо мен Мейвезердің бапкері Головкин-"Канело" кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Пакьяо мен Мейвезердің бапкері Головкин-"Канело" кездесуіне болжам жасады © Sky Sports

Танымал бапкері Мигель Диас орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын жасады. 

"Алдағы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын. Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте ол өзінің барлық мықты тұстарын көрсете алмаса да, ол Альвареске қарағанда тәжірибесі мол мықты боксшы. Десек те Мен Головкин нокаутпен жеңіске жетеді деп ойламаймын. 12 раундтың қортындысы бойынша, төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді", - дейді Диас. 

Айта кетейік, Диас осы уақытқа дейін 36 әлем чемпионының катмені (боксшының физикалық және тамақтануына жауап беретін адам) болған. Оның ішінде филиппиндік Мэнни Пакьяо, америкалық кіші Флойд Мейвезер секілді танымал боксшылар болды. 

Бұған дейін кіші Мейвезер болса алдағы кездесуде "Канело" жеңіске жетеді деп болжам жасаған. Мексикалық боксшының жеңісін жартылай жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис те болжаған еді. 

Жарнама

Живи спортом!