Профи-бокс
3 шілде 2017 15:15
 
Пакьяо - Хорн кездесуінде барлық төрешілер қателесті - латынамерикалық журналист

  Пікірлер

blog.share

Пакьяо - Хорн кездесуінде барлық төрешілер қателесті - латынамерикалық журналист © foxnews.com

Латынамерикалық спорт комментаторы мен журналист Армандо Мендоза Vesti.kz порталының тілшісіне филиппиндік Мэнни Паккьяо мен австралиялық Джейфф Хорн арасындағы WBO белбеуі үшін өткен кездесу туралы пікірімен бөлісті. 

"Бұл төрешілердің кезекті қателігі болды. Статистикалық көрсеткіш бойынша Пакьяо Хорнды екі орап кетті. Бұл жекпе-жек барысында да айқын көрініп тұрды. Әрине, Пакьяо өзінің ең мықты өнерін көрсете алмады. Бірақ ол жеңілген жоқ. Төрешілер екі боксшының жекпе-жегін емес, басқа бірдеме көрген сияқты. Егер Ковалев пен Уорд кездесуінде бір төреші қателессе, бұл кездесуде барлық төреші қателесті. 

Дегенмен де мұндай шешім Пакьяо үшін тиімді деп ойлаймын. Оның жеңілісіне қарамастан жанкүйерлері өте көп. Мынадай шешімнен кейін тағы да көбейе түсті. Келесі жекпе-жек ол белбеуін қайтарып алатынына сенімдімін. 

Өкінішке қарай, бұл кездесуде Пакьяоның да дәуірі өтіп бара жатқаны айқын көрінді. Менің ойымша, ол енді кәсіпқой бокста тағы бір-екі кездесу өткізіп, карьеасын аяқтап керек", - дейді Мнедоза. 

Еске салайық, 2 шілде күні Австралияның Брисбен қаласында өткен кездесуде Хонр төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 12 раундтың қорытындысы бойынша екі төреші 115-113, 115-113 есебін тіркесе, бір төреші 117-111 есебімен жеңісті автралиялық боксшыға берді. 

Жекпе-жектен кейін Пакьяоның өзі кездесудің қорытындысына шағымданбайтынын айтты. Айта кетейік, келісімшарт бойынша Пакьяо мен Хорн арасындағы екінші кездесу (реванш) өткізуге екі боксшының да мүмкіндігі бар. Филиппиндік боксшы бұл мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. 

Бұл 38 жастағы Пакьяо үшін карьерасындағы жетінші жеңілісі еді. Ал жалпы ол кәсіпқой бокста 59 жеңіске жетсе (38 нокаут), екі кездесуінде қарсыласымен тең түскен. 29 жастағы Хорн осы уақытқа дейін 17 кездесуде жеңіске жетсе (11 нокаут), бір рет тең түскен.

Жарнама

Живи спортом!