Пакьяо 2019 жылы спорттық мансабын аяқтайды - Боб Арум
© sport.ua
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы болған Мэнни Пакьяоның спорттық мансабын 2018 жылы аяқтайтынын айтты. Айта кетейік, атақты менеджер біраз уақыттан бері филиппиндік боксшымен жұмыс істемейді.
"Мэнни спорттан кеткенше үш рет жекпе-жекке шығады. Бірінші жекпе-жек 2018 жылдың соңында өтеді, кейін Пакьяо 2019 жылы тағы екі рет шаршы алаңға шығады. Жақын арада өтетін бокс кешінде оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз, алайда Амир Хан, Теренс Кроуфорд және Василий Ломаченконың кандидатуралары қарастырылып жатыр", - деді Арум Manila Bulletin басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Пакьяо соңғы жекпе-жегін 15 шілдеде Лукас Матиссеге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жарнама