Профи-бокс
9 сәуір 2018 10:41
 
P4P рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді

  Пікірлер

blog.share

P4P рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді ©:boxingscene.com

Салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің (P4P) бұрынңы көшбасшысы никарагуалық Роман Гонсалес 5-мамыр күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, Гонсалес шаршы алаңға мексикалық боксшы Педро Педрин Гевараға қарсы шығады. Никарагуалық былғары қолғап шебері соңғы екі кездесуін тайландтық Срисакет Сор Рунгвисаиға қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Оған дейін Гонсалес барлық 46 кездесуінде жеңіск жеткен болатын. Соңғы жеңілісінен кейін Гонсалес P4P рейтингіндегі бірінші орыннан түсіп қалды. Гевара болса кәсіпқой бокс шаршы алаңында 34 кездесу өткізіп, 30 кездесуде жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп, біреуінде қарсыласымен тең түскен. 

"Канелоны" ұмытыңыздар - Головкин

Бұған дейін Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) 5-мамыр күні GGG Promotions промоутерлік компаниясының ұйымластыруымен Лас-Вегастың MGM Grand спорт кешенінде жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Головкиннің кездесуі жекпе-жек кешінің басты айқасы болады. Кездесуді НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Отандасымыздың алдағы кездесудегі қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Еске салайық, 5-мамыр күні Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесу өткізу керек еді. Бірақ 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Промоутер Головкин мен Сондерс арасындағы кездесудің қашан өтетінін айтты

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкин жекпе-жектен 30 күн бұрын салмақ өлшеді

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды. 

Жарнама

Живи спортом!