Профи-бокс
1 маусым 2017 10:48
 
"Оу, мэн, стап" немесе Киркленд Қанат Исламның жеңісіне қалай куә болды?

  Пікірлер

blog.share

"Оу, мэн, стап" немесе Киркленд Қанат Исламның жеңісіне қалай куә болды? ©boxingscene.com

Желі америкалық боксшы Джеймс Кирклендтың (32-2, 28 КО) Қанат Исламның (24-0, 19 КО) қарсыласын сұлатын салған кездегі видео пайда болды. Бұл видеода америкалық боксшы отандасымыздың жеңісіне таң қалып отырғаны көрініп тұр. 

Кирклендке Қанат Исламның 18 ақпан күні Уилмингтон (Делавэр штаты, АҚШ) қаласында бразилиялық Робсон Ассиспен өткізген кездесуін көрсетті. Бұл кездесуде отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салған еді. 

Америкалық боксшының бұл нокаутқа реакциясы келесідей болды: "Оу, мэн, стап ... Керемет нокаут болды. Көбелектер ұшты ..."

Бұған дейін Қанат Ислам мен Кирклендтің командасы жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтуі ықтимал. Америкалық боксшы бұл кездесу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін де айтты.

Ал кеше қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лепос боксшының келесі кездесуін қашан өткізетіндігін және әлемнің бұрынғы чемпиондары Мигель Котто (40-5, 33 КО) мен Джеймс Кирклендке (32-2, 28 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

Жарнама

Живи спортом!