"Осындай чемпиондар...". Хамитов Әлімханұлының жеңісі жайлы

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағын жеңіп алған Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) кездесуіне байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Жеңісіңмен құттықтаймын. Осындай чемпиондар маған ұнайды. Әлсіздермен кездескен жоқ. Он айқас өткізіп, екі чемпионды жеңіп, чемпиондық белбеу иеленді", - деп жазды Хамитов Instagam парақшасында.
Еске салайық, Әлімханұлы бүгін Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты айқасында ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Ал осыған дейін Жәнібек Хассан Н’Дам Н’Жикам және Роб Брант секілді бұрынғы әлем чемпиондарын жеңген.
Жарнама