Профи-бокс
4 желтоқсан 2017 16:01
 
Оскар Де Ла Хойя Мигель Коттоны шаршы алаңға қалай қайтарудың жолын тапты

  Пікірлер

blog.share

Оскар Де Ла Хойя Мигель Коттоны шаршы алаңға қалай қайтарудың жолын тапты Сурет: Boxing News

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазіргі уақытта Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалап, соны жүргізіп отырған Оскар Де Ла Хойя пуэрторикалық боксшы Мигель Коттоның (41-6, 33 КО) шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін айтты. 

2 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында 37 жастағы Котто карьерасындағы соңғы кездесуін өткізді. Пуэрторикалық боксшы америкалық Садам Әлимен (26-1, 14 КО) кездесіп, ұпай саны бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Әли Коттоға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO белбеуін жеңіп алды. 

Жекпе-жектен кейін Котто кездесу барысында қолын жарақаттап алғанын айтты. Ал Де Ла Хойяның ойынша, мұның өзі Коттоның шаршы алаңға қайта оралуына үлкен себеп екен. 

"Котто білегінің шыбығын үзіп алды. Сондықтан оның шаршы алаңға қайта оралуына үлкен себеп. Өйткені, соңғы кездесуінде өзінің барлық қырын көрсете алмады. Бірақ ол карьерасын аяқтағаны туралы айтып жатыр. Дегенмен мен бұл сөзге толық сенбеймін. Ол әлі соңғы кездесуін өткізу керек", - дейді Де Ла Хойя SecondsOut басылымына берген сұқбатында. 

Жарнама

Живи спортом!