Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Айта кетейік, осыған дейін Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері болып келді. Бірақ өткен жылы олар дауласып, екеуі екі жаққа кетті. Содан кейін Альварес бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде ресейлік Дмитрий Биволға қарсы айқас та бар. 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.
Енді Де Ла Хойя Биволды жартылай ауыр салмақта WBA рейтингінде бірінші орында тұрған америкалық Хильберто Рамиреспен шығуарыға ниетті.
"Рамирес Биволмен кездесетін боксшылардың тізімінде келесі болып тұр. Біз қазір WBA шешімін күтіп отырмыз. Ұйым нақты шешімге келіп, жуық арада ресми хабарлайды деп ойлаймын. Рамирес өзінің кезегін ұзақ күтті. Сол сәт енді келген сияқты", - деді промоутер Secondsout басылымына берген сұқбатында.