Профи-бокс
12 сәуір 2018 11:42
 
О'Салливанның Головкинмен кездесуге не үшін келісім бермегені анықталды

  Пікірлер

blog.share

О'Салливанның Головкинмен кездесуге не үшін келісім бермегені анықталды ©:ВКонтакте

Ирландиялық боксшы Гэри О'Салливанның орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқаны анықталды. 

Golden Boy Promotions (GBP) промоутерлік компаниясының прездиенті және ирландиялық боксшының со-промоутері Эрик Гоместің айтуынша, О'Салливан ұсынылған қаржыға көңілі толмапты. 

"Жекпе-жектен бас бас тартудың себебі? Дайындыққа уақыттың аз қалғаны. Аз көлемдегі сыйақы. Гэриде Головкиге қарсы кездесуге дайындалуға үш ғана апта бар. Бұл уақытта ол дайындалып үлгермейді", - деп келтіреді Гоместің сөзін vRINGe.com порталы. 

"Біз Гэриге 4 мамыр күні StubHub Center спорт кешенінде жекпе-жек ұйымдастырып береміз. Ол жұлдыз. Болашағы зор боксшы. Оның стилі де жақсы. Қазір біз оған мүмкіндік беріп көреміз. Кейін оның "Канело" немесе Головкинмен кездесетін мүмкіндігі болады", - деді Гомес. 

"Головкинмен кездесуден бас тарту оңай болмады. Бірақ ол жәй ғана шаршы алаңға шығып ғана қоймай, жеңіске жетісі келеді", - деді промоутер. 

5-мамырда жекпе-жек өтеді дегенге сенімді емеспін - Головкиннің промоутері

17 және 20 сәуір күні Мексикадағы жаттығу лагерінде Альварес екі бірдей допинг-сынақ тапсырып, оның қорытындысы бойынша боксшының ағзасынан кленбутерол дәрумені табылды. Боксшының айтуынша, бұл дәрумен оның ағзасына бұзылған ет арқылы түскен. Кейіннен Альварес жаттығу лагерін Сан-Диего қаласына (АҚШ, Калифорния штаты) ауыстырып, үш бірдей допинг-сынақтан сәтті өтті.

Бұл жағдайлардан кейін Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) Альваресті 18 сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Бұл күні оның ісіне байланысты тыңдалым өтеді. Онда боксшының ұзақ мерзімге бокстан шеттетуі мүмкін. Осы мәселеге байланысты мексикалық боксшы 5-мамыр күніне Лас-вегастағы T-Mobile спорт кешенінде жоспарланған орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуден бас тартты.

О'Салливан да Головкинмен жұдырықтаспайтын болды

Головкин - Альварес кездесуден бас тартқан соң, 5-мамыр күні жекпе-жек өткізбей қалуы ықтимал. Отандасымыздың командасы 24 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгуйеймен (28-0, 24 КО) кездесу ұйымдастыруға тырысқан. Алайда NSAC бірінші орта салмақтағы боксшыға Головкинмен кездесуге рұқсат бермеді. Содан соң Головкиннің қарсыласы АҚШ атынан өнер көрсететін армян боксшысы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады деген ақпарат шықты. Бірақ бұл кездесуге WBC, WBA және IBF ұйымдары қарсы болды.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.

Жарнама

Живи спортом!