Кәсіпқой бокс
24 қазан 2017 12:54
 
Орта салмақтағы мықты боксшыларды саусақпен санап алуға болады. Мен алтыншы орындамын - Энди Ли

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақтағы мықты боксшыларды саусақпен санап алуға болады. Мен алтыншы орындамын - Энди Ли Энди Ли. Сурет: The Independent

Орта салмақта WBO белбеуінің бұрынғы иегері ирландиялық боксшы Энди Ли (35-4-1, 24 KO) алдағы уақытта кездескісі келетін боксшылардың есімін атады. 

Лидің айтуынша, келесі кездесуінде ол Дэниель Джейкобспен (32-2, 29 KO кездескісі келеді екен. Сонымен қатар ол Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес және Билли Джо Сондерс пен Давид Лемье арасындағы кездесулердерің жеңімпазымен кездескісі келеді. 

"Мен тағы да жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ қарсыласым да қарымды болғанын қалаймын. Қазір мен көпшілікке ештеме дәлелдемеймін. Бұған дейін барлық атаққа қол жеткізіп қойғанмын. Мен чемпиондардың бірімен кездескім келеді. Мысалы, Джейкобспен. Мен оны орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі деп есептеймін. Дэннимен жекпе-жекті оңай ұйымдастыруға болады деп ойлаймын. 

Жалпы орта салмақтағы мықты боксшылардың саусақпен санап алуға болады. Олар Лемье, Сондерс, "Канело", Головкин және Джейкобс. Мен алтыншы орындамын. Ал қалғандарының барлығы осал қарсыластар. Олардың барлығы менің мықты қарсыласы екенімді біледі және қорқады. 

Көпшілік менің Джейкобспен жекпе-жегімді көргісі келеді. Ол кездесу мейлі Ұлыбританияда, мейлі АҚТ-та өтсе де. Мен өзім ол кездесуді Ирландияда өткізгім келеді. Сонымен қатар мен Сондреспен екінші рет қуана кездесетін едім. Бірақ ол кездесуге дейін мен бір мықты қарсыласпен кездесіп, мықты екенімді бір рет көрсетуім керек", - дейді Ли IFL TV. арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Ли соңғы рет шаршы алаңға 18 наурыз күні Нью-Йоркта Головкин мен Джейкобс арасында өткен бокс кешінде өткізіп, америкалық Кеандр Лезервудты жеңді. 

Жарнама

Живи спортом!