Профи-бокс
8 мамыр 2022 09:52
 

Олимпиадада Елеуіновтен жеңілген өзбек боксшысы "Канело" - Бивол андеркартында жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Олимпиадада Елеуіновтен жеңілген өзбек боксшысы "Канело" - Бивол андеркартында жеңіске жетті ©DAZN

2016 жылы Риодағы Олимпиаданың финалында қазақстандық Данияр Елеусіновтен ұтылған өзбекстандық Шахрам Гиясов кәсіпқой бокстағы 13 жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

2016 жылы Риодағы Олимпиаданың финалында қазақстандық Данияр Елеусіновтен ұтылған өзбекстандық Шахрам Гиясов кәсіпқой бокстағы 13 жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ол Лас-Вегас қаласындағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетті. 

Гиясовтың қарсыласы мексикалық Кристиан Гомез болды. Кездесу он раундқа жоспарланған еді. 

Өзбекстандық боксшы қарсыласын алдымен төртінші кейін жетінші раунда нокдаунға жіберді. Гомез оныншы раундта да нокдаунға түсті. Бірақ тез есін жиып, кездесуді ары қарай жалғастырып, соңына дейін жұдырықтасты. 

Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Гиясовқа берді. Осылайша, Шахрам Солтүстік Америка құрлығының IBF чемпионы атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!