Профи-бокс
15 наурыз 2018 13:43
 
Нұрсұлтан Жанабаев Рой Джонстың промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады

  Пікірлер

blog.share

Нұрсұлтан Жанабаев Рой Джонстың промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады ©:Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жанабаев Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясымен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жанабаев кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызы болған Рой Джонстың промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, алдағы уақытта бірге жұмыс істейтін болады. Шаршы алаңда 3 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен отандасымыз 2 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жанабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2016 жылы өткізген болатын. Жанабаев соңғы рет Қанат Ислам мен Брендон Кук арасындағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!