Профи-бокс
3 сәуір 2018 13:46
 
Момынов пен Рысбек сәуір айында аргентинкалық боксшыларға қарсы жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Момынов пен Рысбек сәуір айында аргентинкалық боксшыларға қарсы жекпе-жек өткізеді ©:vk.com/mirboksa_kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бобыржан Момынов пен Арман Рысбек 6-сәуір күні Аргентинада өздерінің кезекті жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 26-жастағы Момынов алты раунда жоспарланған кездесуде 31-жастағы аргентиналық Рикардо Херман Сориямен (5-6-1, 2 КО кездеседі. Ол кәсіпқой бокста төрт жыл өнер көрсетіп келеді. 

Өзінің соңғы кездесуін Сория отандасы Фернандо Диего Аргуэлломен (5-8-2, 1 КО) өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен. 

Ал 27-жастағы Рысбек (3-0, 2 КО) болса Карлоа Альберто Родригеске (6-7-1, 2 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді. 

26-жастағы Карлос 2017 жылы үш кездесу өткізіп, екеуінде нокаутпен жеңілсе, бір кездесуде жеңіске жеткен. Бұл кездесу алты раундқа жоспарланып отыр. 

Жарнама

Живи спортом!