Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтіп, оның басты жекпе-жегінде Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кім ұйымдастырып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
"9 қыркүйекте Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді. Оның промоутерлік компаниясы осы кешті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеш "Сарыарқа" кешенінде өтеді", - дейді министрі EXPO-2017 аясында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған арнайы конференцияда.
"Барлығына Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру қызықтырып отыр. Министрлік - бұл орындаушы. Барлық елде солай. Бұл кешті ұйымдастыру бойынша барлық рұқсатты Кәсіпқой бокс федерациясы береді. Қазір федерация президенті Бекхожин кешігіп жатыр, оны сөзсіз қалдырмайын", - деп аяқтады Мұхамедиұлы.
Еске салайық, Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесуден кейін, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деген сыбыс шықты. Ол маусымда өтеді деген болжам айтылды, алайда, бұл жекпе-жектің мән-жайы әлі белгісіз.
Ал Астанаде 9 қыркүйекте Қанат Ислам мен қазақстандық өзге де белгілі боксшылар қатысатын үлкен бокс кеші өтеді. 32 жастағы Қанат Ислам бұл жекпе-жек атақ үшін болады деген сенімде. Осы кештің тағы бір жұлдызы бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін.

Жарнама